Соңғы аптада облыстың 600-ге жуық тұрғыны коронавирус инфекцисын жұқтырған. Ал, өткен тәулікте 75 азамат қауіпті дертке шалдықса, оның 39 қала тұрғыны. 10 дерек аудандарда тірскелсе, Теңіз кен орнында 26 жұмысшының ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Мамандардың айтуынша, жағдайдың күрт нашарлауына талаптарды сақтамаған тұрғындардың өздері кінәлі.
Ахуал күн сайын күрделеніп бара жатқандықтан, дәрігерлер де аурумен күреске білек сыбана дайындалуда. Жалпы облыс орталығында 320 орындық 2 аурухана, Теңіз кен орнында 1360 орындық стационар мен 7 ауданда 253 адамға шақталған нысан науқастарды қабылдауға қауқарлы. Оған қоса, осы стационарларда 400-ге жуық маман резервте тұрса, қосымша 430 керуерт пен 25 жансақтау төсегі дайын. Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, қоймаларда 42 түрлі-дәрмектің 836 мыңнан астам данасы бар.
Қайсар АБДАЛИЕВ, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарыҚазір облыс бойынша 1933 орын жасақталған. Оның 71 жансақтау төсегі. Орындардың 21 пайызы бос емес. Яғни, 410 тұрғын жұқпалы індеттен емделіп жатыр. Атырауда инфекцияны жұқтырғандардың саны көбейді. 19 наурыздағы есеп бойынша 82 адам қаладағы стационарда ем қабылдаса, бүгінде олардың саны 139-ға жетті.
Карантиндік шектеулер қатаңдатылып жатқанмен, пандемияны пайдаланып қалғысы пысықайлар да жетерлік. Мысалы, өткен аптада Атырауда шектеулерді елемей, талаптарды бұзған 34 нысан анықталған. Оның ішінде мейрамханалар мен түнгі клубтар көш бастап тұр.