Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың шешімімен қоғамдық көліктерге кондукторларды қайтару жұмыстары басталды. Бұл туралы Atr.kz хабарлайды.
Айта кетейік, қала тұрғындарының тарапынан аталған мәселе бойынша көптеген арыз-шағымдар түскен болатын.
Енді жуық арада кондукторлар қызмет көрсететін болады. Олар билет беру және тексеру жұмыстарымен айналысады.
Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да жауап береді.