Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт жетістіктері мектебі» КММ директоры лауазымына Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов тағайындалды.
Ә.Ниязымбетов 19.05.1989 жылы дүниеге келген.
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі:
2014 — 2018 ж.ж Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының “Маңғыстау бокс клубы” МҚҚҚ спортшы-нұсқаушысы;
2019 — 2020 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы Олимпиада орталығында әдіскер;
2020 жылдан бастап, осы уақытқа дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының Ш.Бөлтекұлы атындағы МО жоғары спорт шеберлігі мектебі директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Жетістіктері мен мемлекеттік наградалары:
— 2011 жылы Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген спорт шебері
— 2012 жылы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Лондон, Ұлыбритания)
-2012 жылы Құрмет орденімен марапатталған
-2014 жылы Азия ойындарының чемпионы (Инчхон/Корея)
-2015 жылы Азия чемпионы (Бангкок/ Тайланд )
-2016 жылы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Рио де Жанейро/ Бразилия)
-2016 жылы “Барыс” орденімен марапатталған
-2016 жылы “Дарын” сыйлығының лауреаты