Атырау облысында мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды.
Нақтырақ айтқанда, №4 қалалық емханада 6 білім беру мекемесінің қызметкерлеріне екпе салынды. Осыдан 4 күн бұрын өңірге 2 мың доза «Гамковидин» вакцинасы жеткізілген еді. Қазір ұстаздар мен тәрбиешілердің арасында түсіндірме жұмыстары қызу жүргізілуде.
Вирусқа қарсы екпені қабылдағандар жарты сағат дәрігердің бақылауында болды. Кейін ақхалаттылар қандай да бір кері әсер байқалған жағдайда жақын жердегі емханалардың көмегіне жүгінуге болады деп кеңестерін беріп жатыр. Вакцина қабылдағандардың арасында білім беру басқармасының басшылары да болды.
Вакцинация жұмыстары қарқынды жүріп жатқан мекемелердің арасында қаладағы №4 емхана да бар. Емхана директорының айтуынша, 6 наурызда 180-ге жуық вакцина келген. Мұндағы 5 дәрігер арнайы дайындалған 3 кабинетте екпе алғандарды бақылауда ұстайды. Осыған дейін вакцинаның кері әсерлері байқалған жағдай тіркелген жоқ, дейді емхана директоры Меруерт Утеғалиева.
Меруерт УТЕҒАЛИЕВА,№4 қалалық емхананың директоры
Ешқандай қарсы көрсеткіш жоқ. Бірақ бұл жерде жергілікті белгілері болуы мүмкін. Барлық жерлерде айтылып жатыр бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, қолды көтерген кезде ауырсынуы деген сияқты.
Еске салсақ, осыган дейінн 1000-ға жуық медицина қызметкері вакцинаны ерікті түрде қабылдаған еді.