Каспий теңізінің итбалығына қауіп төніп тұр. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлайды.
Бүгін әлеуметтік желіде тараған бейнежазба табиғат қорғаушыларының наразылығын тудырды. «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс секторының жетекшісі Тимур Баймұқанов: «теңіз маржанының көбеюіне мұзжарғыш кемелер зиян келтіріп жатыр»,- деп дабыл қақты.
Желіде желдей ескен бейнежазбада итбалық күшіктерінің жан-жаққа бытырай қашқанын анық көруге болады. Қаңтар айының екінші жартысынан қыс аяғына дейін итбалықтар көбейеді. Өздігінен қоректене алмайтындықтан, осы кезде оларға аса қомқорлық қажет болады.
Ал, мұзжарғыш кемелердің кесірінен итбалық күшіктері аналарынан ажырап қалып жатады. Олардың көбейетін уақытында теңіз көліктері итбалық жатағынан айналып өтулері керек.
Тимур Баймұқанов, «Гидробиология және экология институты» мекемесі батыс секторының жетекшісі:
— Қысқы кеме қатынасы Каспий итбалықтарының азаюына әкеліп соғатын бірден-бір фактор. Мұзжарғыш кемелердің ережені сақтамауы бейнежазбада анық көрінеді. Олар итбалықтардың жатағынан алыс жүрулері керек. «Гидробиология және экология институты» Каспий теңізінде кеме қатынасын ретке келтіру үшін Геология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсыныстар әзірледі. Итбалықтардың жойылып кетуіне жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет.