Қазнет пайдаланушыларын қайырымдылығымен тәнті еткен ақтаулық Сабина Кеңесбаеваға «Қызық Live» жобасының «Жыл меценаты» аталымы бұйырды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды
Ақтауда 3-сынып оқитын Сабина Кеңесбаеваға 500 мың теңге сыйақы берілді. Одан миллиардер болғанда не істейтіні сұралды. Сабина үйсіз адамдарға баспана алып беретінін айтты.
Премияның бәрілген сәтін 1:12:35 секундынан бастап қарауға болады.