Қызылқоға ауданының әкімі өткен 11 айдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық жұмыстарына есеп берді.
Ет және сүт өнімдерімен танымал аймақта ауылшаруашылық нысандарының саны артқан. Қазір осы салада 425 кәсіпкер қызмет етуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 114 шаруа қожалығына артық. 2021 жылы сүт цехы мен мал бордақылау орталығын ашу жоспарлануда. Дегенмен, халықтың тұрмыс-тіршілігіне жол мәселесі кедергісін тигізіп тұр. Бірақ, әкім Нұрсұлтан Бисембиев жұмыстың жүріп жатқанын айтады. Мәселен, Жамансор ауылындағы тасжолдың құрылысы келесі жылы аяқталмақ, ал өзге ауылдарда асфальтты қалпына келтіру – алдағы жоспарда. Тағы бір мәселе – ауыз су тапшылығы.Бүгінде аудан халқының 5 проценті құдық суын тұтынады.
Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ, Қызылқоға ауданының әкімі
Қазіргі уақытта «Тайсойған-Миялы» магистралды су құбырының құрылысына жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда. «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырын қайта жаңғырту бойынша жобасы дайындалуда.
Ал теміржол маңында орналасқан елдімекен тұрғындары ауыз су тапшылығын көруде. Бұл мәселені шешу үшін бүгінде Кереген-Сағыз-Жамансор су құбырын қайта құру жобасы дайындалып жатыр. Бұдан басқа, ауданда түйіні шешілмеген мәселелер жетерлік. Биыл 35 отбасы жаңа баспанаға көшсе, әлі де 300-ге жуық жанұя үйге зәру.
Елге вирус келгелі бері оқушылар білімді қашықтан алуда қиындықтар туған Дегенмен, пандемия 2 мектепке интернет орнатуға мүмкіндік берді. Карантин кезінде халықтың күн-көрісі қиындағандықтан, 1000 мыңнан аса баланың ата-анасына 40 мың теңге көлемінде көмек көрсетіліпті.
Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ, Қызылқоға ауданының әкімі
50 оқушыға демеушілер арқылы роутер алынды. Мектептердің теңгеріміндегі 251 компьютер, сонымен қатар, қажеттілігіне қарай облыстық білім беру басқармасы арқылы 240 планшет, 200 компьютер және 1335 ноутбук алынып, таратылды.
Пандемия кезінде Қызылқоға ауруханалары 4 дәрігермен толыққанмен, әлі де 9 маманның орны ойсырап тұр. Наурыз айынан бері аудан бойынша қауіпті вирусты 450 тұрғын жұқтырған. Осыған байланысты, эпидемологиялық жағдай басты назарда.