Башқұрстанның Абзелил ауданындағы Ишбулдино ауылында жекеменшік қарттар үйі өртеніп, 11 адам қайтыс болды.
Жергілікті уақытпен таңғы сағат 3 шамасында басталған өрт бір сағат ішінде толық сөндірілген. Дегенмен ғимарат ішінде болған 16 адамның 5-еуі сыртқа шығып үлгерген. Олардың бәрі – сол нысанның қызметкерлері. Ал 11 адамды тілсіз жаудан құтқару мүмкін болмады.
Өткен ғасырдың 60 жылдары салынған ағаш үйден шыққан өртке әзірге ненің себеп болғаны анықталмады. Дегенмен қарттар үйінің осы күнге дейін еш құжатсыз жұмыс істеп келгені белгілі болып, иесі қамауға алынған.
7 ер және 4 әйел адамның өмірін қиған өрттен кейін Башқұрстан басшысы елдегі барлық қарттар үйін тексеру туралы жауапты органдарға тапсырма берді. Қазір аталған ауылда төтенше жағдай жарияланып, жергілікті прокуратура қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.