Ерекше балалар тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасыларға жаңа жылдық сыйлық тарту етілді.
С.Өтебаев атындағы АтМГУ-де «Жаңа жылға дейінгі 100 игі іс» жобасының аясында жоспарланған шаралар тізбегі осылай жалғасты. Еске салсақ,бұған дейін университеттің басқарма төрағасы — ректорының бастамасымен қалада ағаш отырғызылып, сенбіліктер мен студенттерге арналған қаржылық сауаттылық және робототехникалық тренингтер ұйымдастырылған еді.
Қанат ОРАЗАЛИЕВ, С.Өтебаев атындағы АтМГУ жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер проректоры
АтМГУ-мен «Ақниет» қоры және Атырау өңіріндегі клуб «Добриков» осы шараны ұйымдастырып отыр. Көпбалалы отбасыларға соның ішінде ерекше балалары бар отбасыларға осындай азық-түлік тағамы жиналған болатын. Қазіргі таңда университетіміздің «Ақниет» қоры 0-5-жасқа дейінгі сәбилер үйіне де сыйлықтар алуды ұйымдастыруда.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа жылдық сыйлық бұл жолы 12 отбасына үлестірілсе, алдағы күндері тағы сонша азық-түлік қорабы дайындалмақ.