Ливан прокуратурасы Бейрут портында болған жарылысқа жоғары дәрежелі саясаткерлер кінәлі деп отыр.
Дүйсенбі күні премьер-министрдің міндетін атқарушы Хасан Диаб пен көлік, қаржы және қоғамдық жұмыс министрлігінің бұрынғы басшылары жауап алуға шақырылмақ. Олар жарылыс болған кезеңде қызмет етті. Оларға өз істеріне немқұрайлы қарады деген айып тағылуда. Соның салдарынан бірнеше адамның өмірі қиылды.
Прокуратураның мәлімдемесінде айыпталушыларға жүк қауіптілігі туралы бірнеше рет есеп берілгеніне қарамастан олар ешқандай шара қолданбағандығы айтылды. Ұзақ уақыт бойы жатып қалған тыңайтқыштардың жарылыс қуаты шамамен 1 500 тонна болған.
Euronews.com