Облыста вирусты 61 адам жұқтырған. Бұл – өткен тәулікпен салыстырғанда екі есе артық әрі соңғы үш айдағы ең жоғары көрсеткіш. Теңізде 42 жағдай тіркелген, ал қалған 17 адам вахталық әдіспен жұмыс істейді.
Кен орнындағы аурудың ошағы – Сүлеймен вахталық қалашығы, ал 17 науқас Maten Petroleum компаниясының қызметкерлері. Бас санитариялық дәрігердің сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Өйткені, жұмысшылар арасында тұрақты түрде ПТР-тестілеу жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ, облыс пен қала бойынша карантиндік шаралар әзірге күшейтілмейді.
Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ, Атырау облысының бас санитариялық дәрігері
Аурудың 80-90 проценті Теңіз кен орнынан анықталып отыр. Оның 95 пайызы симптомсыз, сондықтан өз тарапымыздан Теңіз кен орнына күшейтілген карантин шараларын енгіздік. Ал Атырау қаласына немесе облыс бойынша қатаң шаралар жүргізуге еш негіз жоқ.