Стамбулда ұсталған ресейлік НТВ телекомпаниясының журналистеріне қатысты іс түрік сотына жіберілді. Оларға нақты қандай айып тағылғаны белгісіз.
Стамбул провинциясы әкімшілігінің мәліметінше, 3 желтоқсан күні таңертең жергілікті полиция Ресейдің екі азаматын және олармен бірге жүрген Түркия азаматын ұстаған. Олар пилотсыз ұшу аппаратын жасайтын орталыққа жақын жерде рұқсатсыз түсірілім жасаған көрінеді. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жергілікті журналистер 3 желтоқсаннан бастап байланысқа шықпаған. Соңғы рет бейсенбі күні хабарласып, оларды белгісіз біреулер ұстап алып бір жерге алып кеткенін хабарлап үлгерген. Ресейлік дипломаттар түрік билігімен байланысып болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, журналистер түрік әскери ұшақтарын шығаратын «Байкар Савунма» ғимаратының маңында ұсталған. Аталған компания Түркия армиясы пайдаланатын «Bayrak» дрондарын шығарады.