Молдова парламенті президент өкілеттігін қысқартты. Енді Ақпарат және қауіпсіздік қызметі мемлекет басшысына бағынбайды.
Жоба авторларының хабарлауынша, Майя Сандуда қосымша румындық паспорт бар көрінеді. Ал қос азаматтығы бар адам барлау қызметін басқара алмайды. Ел қалаулысының жақтастары мұны «билікті заңсыз тартып алу» деп отыр. Осыған қатысты парламент ғимаратының жанында Сандудың өзі қатысқан наразыылық акциясы ұйымдастырылды.
Майя Санду, Молдова президенті
Додон үкіметі адамдарды қорлап, сыбайлас жемқорлықты қолдап отырғаны үшін кету керек. Біз Үкіметтің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізуді талап етеміз.
Молдова парламенті бұдан бөлек бірнеше заң жобасын қарастыруда. Олардың қатарында орыс тіліне ерекше мәртебе беру және ресейлік телеарналарды таратуға деген шектеуді алып тастау туралы құжат та бар.