Швеция полициясы өз ұлын 30 жыл бойы қамауда ұстады деп, жергілікті әйелден күдіктеніп отыр. Ер адамның үй қамақта отырғаны 70 жастағы анасының ауырып ауруханаға түскенінен кейін белгілі болған.
Оны туысы Сткогольм маңындағы өз пәтерлерінен тауыпты. Денесінде түрлі жарақаты бар 41 жастағы ер адамның бойын үрей билеген. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 12 жасында күдікті баланы мектептен алып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Ал олар тұрған пәтер туысының сипаттамасы бойынша қоқысқа толы болған.
Күдіктінің көршісі
Біз ол жалғыз тұрады деп ойладық. Сөйлескенде де қасында тағы біреу бар деген ой мүлде болмапты. Бүгінге дейін ол жалғызбасты әйел деп келдік.
Күдіктінің көршісі
Бұл жағдайдың ұзақ жылдарға созылғаны қорқынышты. Енді оларға күтім жасалып, көмектеседі деген ойдамын.
Қатал ана ұлын заңсыз қамауда ұстап, денесін ауыр жарақаттағаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.