Биыл Атырау облысындағы тұрақтандыру қоры сатып алған көкөністер былтырғыдан екі есе аз. Қазір мұнда 605 тонна өнім бар: 114 тонна қырыққабат, 361 тонна картоп, 79 тонна пияз және 49 тонна сәбіз.
Көкөністер желтоқсан айынан бастап қаладағы төрт базарда сатылады. Қырыққабаттың бір келісі – 92 теңге, картоп – 100, пияз – 81, ал сәбіздің келісін 91 теңгеге алуға болады.
Мамандар осы жылғы өнім көлемінің аздығын былай деп түсіндірді.
Гүлмира МЕҢДІҒАЛИЕВА, «Атырау» ӘКК АҚ департамент басшысы
Соңғы жылдары нарықта көкөністер тапшылығы байқалмайды және қыста бағалар тұрақты болып қала бермек. Біз ауылшаруашылық өнімдерін сату процесін талдап, нарыққа ену үшін 605 тонна жеткілікті деген қорытындыға келдік.
Азық-түлікті қаладағы «Дина», «Көктем», «Насиха» және «Сарайшық» базарларынан арзан бағамен сатып алуға болады. Өнімнің құны сауда орындарында ашық түрде көрсетіледі.