Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында жаңа дәріхана ашылды. Бұл туралы Боранқұл ауылының әкімі Мәжит Төреғожин мәлім етті.
Оның мәліметінше, ауылда халық саны жеті мыңнан асады. Бұрын ауылда екі дәріхана болған. Енді жергілікті тұрғындарға қызмет көрсететін үшінші дәріхана да іске қосылды.
Мәжит ТӨРЕҒОЖИН, Боранқұл ауылының әкімі
Бұл дәріхана Бейнеу ауданының коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысында ашылды. Нәтижесінде, ауылдың үш тұрғыны жұмыспен қамтылған. Біреуі дәріхана меңгерушісі болса, екеуі дәріхана сатушысы. Нысанды ашуға 3,5 млн. теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі таңда екі айға жеткілікті дәрілік қорымыз бар және дәрілер бағасы да қолжетімді.