Денсаулық сақтау министрлігі апта сайын елдегі эпидемиологиялық жағдайды талдап, болжам жасайды. Қазіргі қалыптасқан жағдай бойынша желтоқсан–қаңтар айларында карантиндік шаралар күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ведомство басшысы Алексей Цой мәлімдеді.
Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі
Барлығы жағдайды қаншалықты басқара алатынымызға байланысты болады. Қазіргі уақытта біз КВИ жұқтыру жағдайлары артқан өңірлер барын көріп отырмыз, оның ішінде Шығыс Қазақстан да бар. КВИ таралуының баяулағанын, түзелгенін, тіпті төмендеу тенденциясы байқалады. Біз жағдайды бақылаймыз, негізінен, апта сайын өзімізде жаңартып отырамыз. Ең бастысы, бұл басқарылатын форматта болсын. Біздің ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханалары 22%, реанимациялық төсек-орындардың 17%-ы ғана пайдаланылып отырғанын білесіздер. Яғни, резерв үлкен. Қазір жағдай назарымызда, бақыланатын форматта.