Алматы қаласында ересектер арасында өткен еркін күрестен республикалық чемпионатқа қатысқан дендерлік Сырбаз Талғат 70 келі салмақта белдесіп, барлық қарсыласын тізе бүктірді.
Палуан бір кездері өзі жаттыққан балалар және спорт мектебіне келді. Спортшы әдеттегі салмақты мінезінен айнымай, айла мен ептілікті қажет ететін еркін күрестің сырын кейінгі ізбасарларына үйретіп, шеберлік сағатын өткізді.
Сырбаз ТАЛҒАТ, еркін күрестен республика чемпионы
Күреспен 12 жасымнан бастап айналысып келемін. Алғашқы бапкерім – Қаукенов Нәсіпқали ағай. Осыған дейін Атырау облысындағы жарыстарға шығып жүрдім. Халықаралық, республикалық турнирлерде де күресіп келдім. Алла қаласа, Азия, әлем чемпионатына қатысып жүлделі орындарға ие болуды армандаймын. Одан әрі олимпиадаға баратын ой да бар.
Ал палуанның бапкері Сырбаздың еңбекқорлығы мен өжеттігі бала кезден байқалғанын айтады.
Нәсіпқали КАУКЕНОВ, жаттықтырушы
Сырбаз маған 4 кластан бастап келді. Әп дегеннен ол өте еңбекқор бала болды. 2012 жылы мен оны Оралға, Амангелді Боздәулетов өткізген оқу-жаттығу жиынына апардым. Үлкен үміт күтеміз. Ақпанда өтуі тиіс Азия ойындарынан жақсы нәтиже күтемін.