Күні бойы тік тұрып немесе бір орында отырып қалатындықтан дерттің түр-түріне шалдығып жатамыз. Тіпті, мойын, арқа, белмен қоса бас ауруына да ет үйреніп кеткендей.
Швецариялық мамандардың соңғы жасаған зерттеулеріне сүйенсек, аталған сырқаттар мойын омыртқаның қисық орналасуынан туады. Осындай дертпен күресіп жүргендердің бірі – Светлана. Ол халықаралық дәрежедегі маманға кездейсоқ жолығып, мәселесін айтқан.
Светлана АНДРЮЩЕНКО, ем қабылдаушы
Ем-дом туралы ақпаратты молынан білгім келеді, кейін диагностикадан өтуді жоспарлап отырмын. Осы дәрігерлерге өзімнің жолдасымды да қаратсам деймін. Омыртқа ауруымен ұзақ уақыт күресіп келем. Массаж жасаушылар мен терапевтілерге бір кісідей-ақ бардым. Бірақ еш нәтиже болмады.
Мамандар мойын омыртқаны еш ауырсынусыз әрі қауіпсіз түзетуге болатынын айтады. Туабітті омыртқа жарақаты, омыртқа арасындағы жарық, сондай-ақ, қысым, бас ауруы, ауа райына тәуелділік, есту және көру қабілеттерінің төмендеуі – бәрі-бәрі лезде емделуді қажет етеді.
Осы дерттерден құлан таза айығу үшін сенімсіздікті ысырып, «Атлакс Профелакс» дәрігерлерінің көмегіне жүгінген жөн. Бала кезінде жұлынына зақым келген Эдуардтың есейгенде қан қысымы жоғарылай берген. Ем қабылдаған оның денсаулығында бір айдың ішінде оң өзгерістер байқала бастапты.
Эдуард ҒАНИЕВ, ем қабылдаушы
Алғашында еш өзгеріс сезілмеді. Күйбең тіршілікпен жүргенде бір айдың ішінде қан қысымымның жоғарыламайтынын байқадым. Сондай-ақ, спортпен шұғылданған кезде де бұрынғыдай тез шаршамайтын болдым.
«Атлакс Профелакс» ем-домын қабылдап көргіңіз келсе, 25–27 қараша аралығында Студенттер даңғылы 205А мекен-жайындағы Open сlinic мекемесіне келуге болады. Қосымша ақпаратты экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз.