Атыраулық үш азамат психикаға әсер ететін препараттарды сатқан. 16–20 қараша аралығында өткен «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының нәтижесінде нашақорлар арасында сұранысқа ие 240 дана «Трамадол» мен 18 «Тропикамид» дәрісі тәркіленген.
Сонымен қатар, аталған дәрмектерді қолданатын мекемелерге де тексеру жүргізілген. Шара барысында төрт әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оған қатысы бар тұлғаларды, соның ішінде бір медицина қызметкерін жауапкершілікке тарту үшін жинақталған құжаттар Атырау облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы
Атырау облысында 30-дан астам денсаулық сақтау нысаны және өз қызметтерінде психотроптық заттар мен прекусорларды қолданатын 20-дан астам емдеу мекемесі бар. 3 емдеу-профилактикалық және өз қызметтерінде психотроптық прекусорларды қолданатын екі мекеме тексерілді. Осы «Дәрмек» шарасында қылмыстық кодекстің 296 және 297-баптарымен 5 сотқа дейін тергеп-тексеру басталды.