Республикалық ведомствоаралық комиссия «жасыл» және «сары» аймақтағы қоғамдық көліктердің қатынауына қатысты шешім шығарды.
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен жиында «жасыл» аймақтағы автобустардың жұмысы күн сайын сағат 23:00-ге дейін ұзартылатыны мәлімденді. Сары аймақтағы қоғамдық көліктер де түнгі 11-ге дейін қатынамақ, тек демалыс және мереке күндері шектеу енгізіледі.
Дегенмен бұл шешім қауіпсіз саналатын Атырау облысында жүзеге аспай тұр. Жауаптылардың сөзінше, қалада кешкі уақытта жаяу жүргіншілер азаятындықтан, автобустарды түнімен жүргізетін негіз жоқ. Сондықтан тек 2-ші, 12-ші және 14-ші бағыттағы қоғамдық көліктер ғана 22:00-ге дейін қатынап, қалғандарының жұмысы кешкі 8-де тоқтатылады.