Төрт айға созылған партияішілік сайлаудың ІІІ-кезеңі аяқталды. Нәтижесінде, «Нұр Отаннан» мәжіліске үш үміткер ұсынылды. Олар: Дүйсенбай Тұрғанов, Сәлімжан Нақпаев, Толқын Есқали.
Дауыс беруші делегат аталған үміткерлер облыстың экономикалық деңгейінің дамуына тың серпін береді деген сенімде.
Дарын ШАМҰРАТОВ, Индер ауданы әкімінің орынбасары
Маған ұнағаны – Жайық өзенінің мәселесі және су қорларының одан әрі көбейтуге ықпалдасуы. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жою, өңдеу бойынша және қазіргі мектептердегі мұғалім мәртебесі, әлеуметтік мәселелер де алаңдатады. Жалпы, қай-қай үміткердің де ұсыныстары көңілден шықты.
Ал облыстық мәслихатқа 47 үміткердің тізімі бекітілді. Оның 38-і праймериз арқылы, қалған жетеуі облыстық партия филиалы басшылығының квотасымен сайланған. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламалары бекітіліп, оған да түзетулер енгізілді.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Нұр Отан» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары
Бүгінгі облыстық коонференцияда Атырау облысы бойынша Нұр отан партиясының сайлауалды бағдарламасының кезеңі аяқталды, жобасы бекітілді. Жалпы, облыс бойынша тұрғындар мен партияластардың 1 061 аманат түскен болса, оның 448-і осы 9 сайлауалды бағдарламаның жобаларына түзету, өзгеріс ретінде енгізілді.
Сондай-ақ, 2021–2025 жылдарда атқарылатын жұмыстардың негізі осы сайлауады бағдарлама аясында жүзеге аспақ.