Қарақия ауданында екі жарым айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлімдеді.
Қажетті дәрілерді алуға 75,4 миллион теңге жұмсалды. Бұдан бөлек, 7 300 жеке қорғану киімі бар.
Қыдырберді БЕКОВ, Қарақия ауданының әкімі
Қарақия ауданында 12 дәріхана қызмет көрсетеді: Құрық ауылында – 4, Мұнайшы ауылында – 3, Жетібай ауылында – 3, Сенек ауылында – 1, Болашақ ауылында – 1. Бүгінгі күні 14 түрлі дәрі-дәрмектің келесідей қорлары бар: Парацетамол – 2 260 дана, аспирин – 2 300 дана, азитромицин – 32 дана, цитрамон – 1 960 дана, цефтриаксон – 1 870 дана, цефазолин – 2 690 дана, метронидазол – 485 дана, фраксапарин – 17 дана, ибупрофен – 210 дана, инговерин – 40 дана, ксералто – 9 дана, аспирин кардо – 28 дана, тромбасс – 80 дана, ал аскорбин қышқылы – 1 550 дана.
Аудан әкімінің айтуынша 30 дана электронды термометр, 8 000 дана 2 мл шприц, 9 200 дана 5 мл шприц, 35 дана антисептик және 4 920 дана бетпердемен қамтамасыз етуге мүмкіндік бар.