Атырау облысында жыл басынан бері браконьерлікке қатысты 2 200 жағдай анықталды. Заңсыз балық аулағандардан тәркіленген 21 тоннадан астам өнімнің 300 келісі – бекіретұқымдастар.
Құқықбұзушыларға жалпы көлемі 23 млн. теңгеден аса айыппұл салынып, бүгінге дейін оның 19 млн.-ы өндірілді. Сондай-ақ, 3 800-ден астам қармақ, ау және 280 көлік құралы алынған. Ал қылмыстық іс тек 16 жағдайға қатысты қозғалды.
Рүстем ҚОРҚЫТОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық нспекциясы бөлімнің бас маманы
235 материал әкімшілік сотқа жолданды. Құқыққорғау органдарымен бірлесіп, 66 заңбұзушылық анықталды. Инспекцияның материалдары бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды. Оның үстіне, балық ресурстарына келтірілген зияны үшін 4,6 млн теңге сомасына 28 талап арыз берілді.