Атырау өңірін көгалдандыру жұмыстарына келесі жылдан бастап ірі мұнай-газ компаниялары кірісетін болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіне барған Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.
Ол ірі мұнай-газ компанияларымен орман қоры мен елдімекендердің жерін қоса алғанда 6 мың гектар жерге көгалдандыру және көшет отырғызу жұмыстарын жүргізуге келісім жасасқанын жеткізді.
Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, Атырау облысының әкімі
Көгалдандыру жұмыстары 3 жылдан 10 жылға дейін деп отырмыз. Ол барлық аудандарда жүргізіледі. Бұл жыл сайын 100 мыңға дейін көшет отырғызуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, өңірдің экологиялық өзекті проблемаларын шешу жөніндегі жол картасын әзірледік.