Ел назарындағы праймериздің аяқталуына аз қалды. Қалалық «Nur Otan» партиясы өткізген кезектен тыс 38-конференцияда қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейде жүрген көп сауалын ортаға салды.
Күн тәртібіндегі басты мәселе – қалалық партияға тізімді бекіту мен облыстық партияға 15 үміткерді ұсыну.
Бейбіт МЫРЗАҒАЛИЕВ, «Nur Otan» партиясы АҚФ төрағасының бірінші орынбасары
Бізде партияның 31 бастауыш ұйымынан сайланып келген 80 делегат өз таңдауларын жасайды. Праймериздің екінші кезеңі – конференциялар өткізу. Үшінші кезеңде облыстық конференцияға делегаттар сайлаймыз. Тағы да пікірсайыстар өтіп, кандидаттар анықталатын болады.
Кандидаттарға дауыс беру электронды түрде жабық кабиналарда өтті. Кейін жоғары дауыс жинағандардың есімі аталып, өзге де мәселелер қаралды.