Акисино ханзада ресми түрде Жапонияның империялық тағының мұрагері деп жарияланды. Салтанатты рәсім жексенбі күні өтті.
Тақ мұрагерін жариялау сәуір айында өтуі тиіс еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге қалдырылған. Бүгін де шара небары 15 минутқа созылды.
Хризантемалық тақтың мұрагері жаңа император – Нарухитоның інісі. Әлемдегі монархиялық дәстүр бойынша таққа тек ер адам отыру керек. Нарухитоның ұлы болмағандықтан тақ мұрагері ретінде інісін таңдапты.
Туғанда Фумихито есімін алған 54 жастағы ханзада әзірге тақтың жалғыз мұрагері болып отыр. Ол империялық отбасы дәстүрден қорықпай қазіргі шындыққа бой үйретіп, бейімделу керек деген пікір білдіріп елге танылған.