АҚШ-тағы басты саяси дода өз мәресіне жетті. Американың 46-шы президенті болып 77 жастағы демократ Джо Байден сайланды. Ол шамамен 74 млн.-нан астам халықтың дауысына ие болды. Ал жеңіліп, күреске тоймаған Дональд Трамп сайлау қорытындысын мойындамай, бюллетень санау кезінде заңбұзушылықтар болды деген дау шығарды.
Дональд ТРАМП, АҚШ-тың 45-президенті
Нәтижелер бұрмаланды. Бұл – АҚШ халқын алдау. Шындығына келгенде, біз жеңіске жеттік. Сайлауға қатысты оқиғалар заңмен тексерілуі тиіс. Біз Жоғарғы сотқа жүгінеміз.
Ал жаңа президент болса өзінің таза әрі адал жеңіске жеткеніне сенімді.
Биылғы сайлауға 15 млрд долларға жуық қаражат жұмсалған. Бұл ел тарихындағы ең қымбас саяси шара болып отыр. Оған қоса, пандемияға байланысты кейбір тұрғындар өз таңдауын алдын ала пошта арқылы жіберу мүмкіндігіне ие болды. Байден жақын арада коронавирус індетімен күрес жүргізетін жұмыс тобының мүшелерін жарияламақ. Оның құрамына 10-нан астам сарапшы кіреді. Жаңа басшы сайлауалды науқан кезінде де осы індетпен күреске айқын басымдық беретінін айтқан болатын. Одан бөлек экономиканы сауықтыру, нәсілдік теңдік, климаттың өзгеруі мәселелелерін де қолға алмақ.
Ал 45-ші президенттің әйелі Мелания Трамп күйеуінің жеңілісінен кейін онымен арадағы некені бұзуға ниетті екенін білдірді. «Жығылғанға – жұдырық» деген осындайда айтылса керек.