Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер атыраулықтардың көңілін көншітпей тұр. Қазір органдардың жұмысы арнайы порталдар арқылы көрсетілсе де, мәселесін аяқтай келіп шешетіндер баршылық.
Тұрғындардың сөзіне сенсек, мамандардың қызмет көрсетуі тым ұзаққа созылады. Мұндай шағымды қалалық құрылыс және ТКШ бөліміне келгендер айтты. Мемлекеттік орындардағы олқылықтар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссияның мониторингілеуі барысында анықталды. Мамандардың сапасыз қызметінен бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі де айтылды.
Жұмабек ЖАРЫЛҒАПОВ, ведомствоаралық комиссияның мүшесі
Мониторинг аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалмағаны анықталды. Арыз, шағым тастайтын жәшіктің арнайы мөрі және құлпы болмағаны да белгілі болды. Пандусқа қатысты мәселелер қарастырылып жатыр. Басшыларының айтуынша, мекеме жаңа ғимаратқа ауысатын болғандықтан жөндеу жұмыстары жасалмай жатқанын түсіндіріп берді.
Мониторингтік топ мүшелерінің сөзіне сенсек, аталған олқылықтар мекеме басшылығына хабарланды.