Атырау әйелдер колониясы тексерушілердің оң бағасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша ҚАЖД қарасты УГ-157/11 (әйелдер колониясы) мекемесін Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері тексерді. Комиссия мекеменің медициналық бөлігі мен асханасын аралап, сотталған әйелдерге дайындалатын тағамның сапасын тексерді.
Сондай-ақ Ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап берді. – Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері мекеме қызметіне оң бағасын берді. Әйелдер колониясы барлық дезинфекциялық және гигиеналық құралдармен толық қамтамасыз етілген, – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Аджикулов