Түркия президенті Режеп Ердоған отандастарын француз тауарларын сатып алмауға шақырды. Бұған Францияның Исламға қарсы ұстанымы себеп болды, – деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Соңғы күндерде екі елдің арасы осы мәселеге байланысты ушығып кетті. «Франция түрік белгісімен шыққан тауарды алмаңдар» деді. Ал мен біздің ел азаматтарына француз өнімдерін сатып алмаңыздар деген өтініш айтамын» деді Ердоған өз сөзінде.
Бұл шиеленіс 17 қазанда Самюэль Пати есімді мұғалімнің қазасынан кейін басталды. Сөз бостандығы тақырыбында өткен сабақта мұғалім пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Ол әлеуметтік желілерге де тарап үлгерген. Көп ұзамай ресейлік қылмыскер ұстаздың басын кесіп алды. Бұл оқиғаға қатысты пікір білдірген Франция президенті әртүрлі тақырыптағы карикатураларынан бас тартпайтынын жеткізді. Макронның осы әрекетінен кейін мұсылман елдерінде француз тауарларына бойкот жариялана бастады.