Енді судья сот актілерінің шешімін жариялағаннан кейін халыққа қарапайым тілмен жеткізуі тиіс. Бұл жаңашылдық Атырау облысының судьялар қауымдастығы өткізген жиында сөз болды.
Әдетте сот шешімі ресми тілде хабарланып, термин сөзден төгіліп тұратындықтан көбі жіті түсінбей жатады. Бұл туралы қалалық соттың төрағасы айтты.
Жасұлан ЖАҚСЫЛЫҚ, Атырау қалалық сотының төрағасы
Қазір сот актілерін шығарған кезде судья шешімді жарияланғаннан кейін халыққа түсінікті тілмен айту керек. Өйткені, халық көп жағдайда түсіне бермейді, ресми тілді білмейді, термин сөздерді ұқпау мүмкін.
Жиында судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби тәртіпті қатаң сақтауы және өз білімін үнемі жетілдіріп тұру қажеттігі айтылды. Шарада қызметкерлерге Алғысхаттар табысталып, қалалық сотқа екі судья тағайындалды. Оған қоса, облыстық соттың төрағасы Бауыржан Жұмағұлов сот қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қозғап, бұл түйіннің шешілер күні алыс еместігін айтты.