ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының экс-басшысы Серік Айдарбеков Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Серік Айдарбеков осыған дейін түрлі компанияларда жоғары лауазымда жұмыс істеп, Үкімет пен Президент Әкімшілігінде қызмет атқарған. Кезінде Бергей Рысқалиевтың орынбасары болған шенеунік әкімдікке қайта оралды. 2012 жылы Атырау қаласының басшысы болып та жұмыс істеген. Ол ағылшын және итальян тілдерін жетік біледі. Экономист, тау-кен инженері, мұнайшы мамандықтарын меңгерген жаңа орынбасарға облыс әкімі жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруға сенім білдірді.