Пандемияның кәсіп иелері үшін соққы болғаны анық. Бірі шығынын есептеп шырылдаса, енді бірі бел буып іске кіріскен. Бұл жерде ән-күй ойнатылып, той тойланса, ендігіде тігін машиналарының үні ғана естілмек.
Карантин кезінде тасы өрге домалағандар да бар. Тойханадан тігін цехын ашқан кәсіпкердің қарамағында қазір 25 тігінші қызмет етеді. Алғашында тойхана жанындағы шағын сарайда басталған іс табыс әкеліп, халықтың сұранысына ие бола бастаған. Кейін жеке кәсіпкер Мейрамгүл Ниетқалиева карантинде қаңырап қалған мейрамхананы жалға алып, жұмысын жандандырды.
Мейрамгүл ИМАНҒАЛИЕВА, жеке кәсіпкер:
Карантин кезінде деп біз карантин кезіне қарамадық біз карантин бізге еш әсерін тигізбеді. Керісінше заказымыз көбейдмесе азаймады. Айына уже 100-150 тапсырыс қабылдап , біздер уже өз ісімізді дамытып осылай жалғастырып келе жатырмыз.
Сұраныстың артқанын байқаған кәсіпкер біреуінің құны миллион теңгеге жуықтайтын оюға арналған екі лазерлі станок алған. Қазір мұнда құрал-жабдық түгел жеткенімен жұмысшылардың тапшылығы қол байлайды екен. Дегенмен қолөнерді құп көрген Айым мамандығы бойынша әзірден-ақ қызмет істеп жатқанына қуанышты.
Айым ЖАҚСЫЛЫҚОВА, құрақшы
Мен бұл жерде құрақшы болып жұмыс істеймін. 4 айдан астам уақыттан бері . Бұл жерде келгенде үйретті. Сол арқылы алып кеттім.Қиын кезеңде осындай жұмыс тапқаныма өте қуаныштымын.
Тапсырысы көбейген тігін цехы ендігіде мейрамханының жоғарғы қабатын толтыруға ниетті.