Бекіре тұқымдастарды теміржол арқылы тасымалдайтындардың қатары азаймай тұр. Мамандар қазанның ортасында басталған рейдтік шарада осындай 8 жағдайды анықтаған. Мұндай заңсыздыққа барғандарың үстінен қылмыстық іс қозғалады.
Тойқожа АЗБЕРГЕНОВ, Атырау станциясы ЖПБ ӘП бөлімшесінің бастығы міндетін атқарушы:
Азаматтарға ескертеріміз алдағы уақытта жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Бұл жылына 2 рет өткізілетін іс-шара. Алыс жолға шыққан кездеріңізде өздеріңізбен бірге заңға қайшы іс-шара қызыл балық, қара уылдырық алып шықпауыңызды өтінем. Соттың шешімімен көп мөлшерде айыппұл салынады.
Айта кетейік, айыппұлдың көлемі шамамен 500 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Мұнайлы өлкенің қызыл балығы көбінде Атырау-Алматы, Атырау-Астана бағытында қатынайтын жолаушылардан тәркіленіп жатады.