Карантин талаптары күшейтілгенімен нәтиже көз қуантарлықтай емес. Шаһарда тек демалыс күндері жүргізілген рейд барысында 13 тәртіп бұзушылық тіркелді. Ал 7 қоғамдық тамақтану орны түннің бір уағында да жұмысын тоқтатпаған. Соңғы кездері қаланың түнгі өмірі жабық есіктердің ар жағында жалғасып жатыр. Айтқандай-ақ, Тұрғындар қалашығындағы шағын кинотеартлардың бірі көрерменге лық толық болды. Сондай-ақ, бас дәрігердің қаулысына құлақ аспайтын тойшыл қауым 5 тойдың екеуін үйде, қалғанын мейрамханада дүркіретіп өткізген. Мобильдік топ бұқараға түсіндіру жұмыстарын жүргізе бермек. Айта кетейік, жаңа қаулыға сәйкес, шектеулер жағдай бір қалыпқа түскенше сақталмақ.