Маңғыстау облысында жалпы саны 54 науқас ем қабылдап жатыр. Тең жартысы пневмония диагнозымен Ақтаудағы көпбейінді провизорлық стационарға түскен. Халі ауыр төрт адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы тыныс алу жетіспеушілігі мен ілеспе аурулардың қозуынан нашарлаған,- дейді аурухана басшысы. Емделушілер түгелдей дәрігерлердің жіті бақылауында.
Амантай ДОСЖАНОВ, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры
Қазіргі таңда тыныс алу апараттары бойынша тапшылық жоқ. Толық қамтылған. 20 төсектің бәрінде бір-бір апараттан тұр. Одан тыс науқас саны көбейі жатқана 16 койка реанимациоонный бар. Ол жатқта да апараттар толық.
Арнаның түсірілім тобы облыстық қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, мониторинг барысында індеттің екінші толқынына қаншалықты дайын екендігіне көз жүгіртті. Мұндағы науқастар үшін барлық жағдай жасалған. 60 адамға шақталған жатын орын мен 20 реанимация бөлімі бар. Көпбейінді орталықта бас –аяғы 68 медициналық қызметкер жқмыс істейді. Аурухана басшысының айтуынша, дәрі-дәрмек қоры үш айға дейін жеткілікті. Медициналық құрал-жабдықтан да тапшылық жоқ.
Сағыныш ТӨРЕАЛИЕВ, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі
Қоғамдық кеңестің мониторинг топ құрылып, солармен бірге осы провизорлық орталықты қарап, дайындықтары бар запасат етілген. Ар жағында енді тағы да бөлімшелерді, ауруханаларды қараймыз. Бүгінгі күнде осы стационарды толық дайын деп айтуға болады.
Өңір бойынша қазір 140-қа жуық реанимация орны бар. Аты жаман ауруға қарсы 14 стационар жасақталған. Ақхалаттылардың бәрі де алдын ала дайындықтан өткен.