Армения Қорғаныс министрлігінің өкілі Арцрун Ованнисян Әзірбайжан қарулы күштерінің Қарабақтың солтүстік аумағына ауқымды шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ол өзінің фейсбук парақшасында «Таңертең қарсы топ бір сағат бойы қарқынды артиллериялық шабуыл жасады. Одан кейін біздің солтүстік бағыттағы позициямызды басып алуға тырысты. Алайда батыл және кәсіби армян күштері бұған қарсы тұрып, өздерін үлкен шығынға ұшыраттық», — деп жазды. Екі ел арасындағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталды. Бұған Армения мен Әзірбайжан бірін бірі кінәлап отыр. Қарулы шабуыл кесірінен бейбіт халық зардап шегуде. 9 қазанда екі тарап Ресейде кездесіп, атысты тоқтату туралы шешімге келген болатын. Бірақ ол келісім ұзаққа созылмады.
RIA.ru