Жұқпалы респираторлық вирустық инфекция мен пневмония белгілері бар адамдар ПЦР-тестілеуден өтуге міндетті. Мұндай процедура әр емханада тегін жүргізіледі. Бұл эпидемиологиялық көрсеткіштерді бақылау және алдын алу мақсатында жүзеге асады. Ол үшін қаладағы кез келген емханада сүзгі бөлмесі дайындалған. Жалпы, мамырдан бері 3 мың жарым адам ковидке тест тапсырып, оның 842-сінен індет белгілері анықталған. Ал қыркүйектен бері 112 адам ЖРВИ-ге байланысты сынақтан өтсе, оның 18-і осы ауруға шалдыққанын көрсеткен. Алайда бұл – бір емхананың көрсеткіші.
Жанар ДАУЛЕТОВА, дәрігер эпидемиолог
Науқастар емханаға келген жағдайда бірінші сүзгі бөлмесінен өткіземіз. Оннан дене қызулары өлшеніп, мұрын жұтқыншағынан ЖРВИ және ковидке ПЦР тест алынады. ЖРВИ мен коронавирустың емдеу жолы бөлек болғандықтан, ПЦР-ден кейін емдеуді тағайындай аламыз.