Өңірде жыл басынан бері құнды балыққа көз емес, қол салғандарға қатысты 1889 әкімшілік, 15 қылмыстық іс қозғалған. Дегенмен өзенді өз үйіндей көргендерді темір тор да қорқытпайтын сыңайлы.
Өзенге заңсыз ау тастау талайлардың үйреншікті әдетіне айналған. Мұндай әрекеттің алдын алу мақсатында Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы кезекті рейдке шықты. Мамандар айналдырған 3 сағаттың ішінде 30 дан астам ау құрылғысын судан шығарғанын айтады.
Еламан ХАБИБУЛИН, Дамбы бөлімі инспекциясының басшысы
Біздер жалпы осындай синтетикалық ау құралдары балық аулауға тыйым салынған. Балыққа өте зиян келтіреді. Осы мына екі күзетші кемесімен және мына 5 жеңіл моторлы қайықпен осы мына Жайық өзенінің Каспий теңізінің аузына құяр тұстан бастап, жоғары қарай сүзу жұмыстарын жүргізіп келеміз.
КСМ235: ТЕК ДАУСЫН АЛАСЫЗ
Маманның айтуынша, мына синтетикалық ау судың астында 100 жылға дейін шыдайды. Ал өзен-көлдерді осылай тазартып отырмаса, балықтар арам өле бермек. Негізі, мұндай құрылғыны пайдалануға да, сатуға да заңмен тыйым салынған.