Қаулыға жауапты қазаншының қиялында шек болған ба?! Естеріңізде болса, елге ұсынылған ереженің соңғы нұсқасында жаттығу залдарына тыйым салынған еді. Алайда бірер күн бұрын спорттық ұйым өкілдері облыстың Бас санитариялық дәрігерімен кездесіп, атқан оққа теңеулі сөзін қайта өзгертуіне ықпал етті. Топ болып жиналған спортшылардың не айтқанын қайдам, құбыла беретін қаулы өңін сол жерде тағы бір рет өзгертіп үлгерді.
Қорытындысында, таңертеңгі 9-дан түнгі 10-ға дейін фитнес-орталықтарына, спорттық секцияларға және бассейнге баруға рұқсат етілді. Бірақ суға түсу үшін алдын ала жазылу ережесі бойынша және 50 адамнан аспау талабын орындау қажет.