Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын орталықтағы бір бүлдіршіннің анасы мекемедегі қызметкердің баласын ұрғаны туралы шағымданған еді. Тіпті, істің байыбына бармастан ата-аналарға арналған чатта түймедейді түйедей етіп көрсеткен.
Ал қызметкер ойын барысында сәбидің бетіне доп тигенін айтады. «Жұмсақ тіндердің жарақаттануы» деген диагноз қойған жеке емхананың шешімінен кейін баланың ата-анасы күмәнін арттырған. Дегенмен кейін сот-медициналық сараптама тағайындалып, баланың денсаулығына зақым келмегені анықталды. Нәтижесінде, жеке емхананың қорытындысы біржақты деп саналып, жарамсыз деп танылған.
Өмірләззат ӨТЕБАЕВА, дамыту орталығының директоры:
13-қазанда, яғни сейсенбі күні сараптама қорытындысы шықты. Өзіміз күткендей, қызметкердің кінәсіз екені анықталып отыр. Жалпы, қай-қай әрекетіміздің де дұрыс екеніне сенімдіміз.