Өңірдегі 18 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға төтенше жағдайдың кесірі төтесінен тиген. Қалыпты жағдайдағы жұмысы жайына қалып, қызметкерлер санын қысқартуға тура келген олардың қазіргі күйі кісі аярлықтай. Яғни, қолдауды қажет етеді.
Нәтижесінде, шағын кәсіп иелерінің экономикаға қосқан үлесі 2,8 пайызға дейін азайған. Дегенмен мамандар қиын кезеңде тасы өрге домалағандардың да көп болғанын айтады.
Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Қазір мына үлкен сауда орындары жұмысжасамаған кезде де , өздері жасаған тамағына сұраныс болған мезгілде заказ беріп қазір доставка дамыды ғо. Екіншіден мына айти технология бизнестері себебі қазір көптеген онлай жұмысқа ауысқан соң интернетке сұраныс болғасын техникалық жағынан қамту сұраныстар көп болды.