Атыраудағы карантин ережелерінің сақталуын 18 мобильді топ бақылауға алған. Олардың құрамында тәртіп сақшылары мен қалалық және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар.
Өткен демалыс күндері ұйымдастырылған рейдтік шараға осы үш топ арнайы атсалысты. Нәтижесінде, ондаған құқықбұзушылық анықталды. Олардың ішінде нысандардың түнгі 12-ден кейін де жұмысын тоқтатпауы, қызметкерлердің қорғаныш құралдарын пайдаланбауы сияқты тәртіпке қырын қарау әрекеттері бар. Сондай-ақ, қорқор шегуге арналған қос орында қыз-қыз тіршілік байқалған. Бірі жасырынып бақса, екіншісі қонақтарын емен-жарқын қарсы алып отыр.
Көп адам қатысатын той-томалаққа тыйым салынса да, не ережеге, не індетке пысқырмайтындар да баршылық. Ал тойхана иелеріне ірі көлемдегі айыппұл мен аурудың асқынғаны әсер етпейтін сыңайлы. Әйтсе де, бұл жолы мінез көрсетіп, мәселесін одан әрі күрделендіріп жіберетіндер кездесе қоймады.
Мурат КАМЗИН, заместитель руководителя городского управления ККиБТиУ
Со всех объектов, в которых были выявлены нарушения, взяты объснительные. Повторных выявлений нарушений не было. Будут составляться административный протокол по нарушению ч.1 ст. 425 КоАП РК.
Мұрат ХАМЗИН, қалалық ТКҚСҚБ басқармасы басшысының орынбасары
Ереже бұзылған жердің барлығынан түсініктеме алдық. Дегенмен тәртіпсіздіктің қайталанғаны байқалмады. Бәріне 425 баптың 1 тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырылатын болады.
Алдағы уақытта мобилді топ қабылданған жаңа қаулы бойынша жұмыс уақыты шектелген басқа да нысандарға бас сұғатын болады. Сонымен қатар, мектептердегі санитарлық талаптардың сақталуын тексеру мақсатында құрамында қалалық және облыстық білім басқармасының өкілдері бар бөлек бақылау тобы бөлінді. Олар атқарған жұмыстың қорытындысы бойынша әзірге ешқандай ереже бұзу дерегі тіркелмеген.