Жылыой ауданы төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері жылу беру маусымы қарсаңында тұрғын үйлердегі өрт кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануы, сондай-ақ, газдан улану қаупін болдырмау мақсатында көптеген жұмысты қолға алды.
Жантөре ДЕМЕШОВ, Жылыой аудандық ТЖБ басшысы
2020-2021 жылға жылу беру маусымы кезінде орын алатын төтенше жағдайлар, көмірқышқыл газіне улану оқиғаларының алдын алу бағытында қазіргі уақытта әлеуметтік аз қамтылған отбасылар көпбалалы отбасылар үйлері екінші мәрте қайта араланып жатыр. Оның ішінде арнай жарнамалар жасақталып бірге таратылып жатыр. Сонымен қатар ауданда осы жылы, жылдың басынан бері автокөлік өрттерінің көбеюіне байланысты рейдттер аудандық больница бөлімімен бірге өткізіліп жатыр.
Рейдтік шараларға еріктілер шақырылып, Жылыой ауданы Құлсары қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Жаңа Қаратон өрт сөндіру бөлімі және де Жедел құтқару жасағы қызметкерлері жұмылдырылып жатыр.
Жалпы, Жылыой ауданы бойынша жыл басынан бері 15 өрт оқиғасы тіркелген. Мамандардың айтуынша, тілсіз жау тұрғын үйлер мен автокөліктерге тигенмен, қайтыс болғандар және жарақат алғандар жоқ.