Қалада үш мамандық бойынша тегін курс ашылды. Шаштараз, маникюр шебері, кондитер секілді сұранысқа ие мамандықтарын меңгеруге «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығының жанынан ашылған «Інжу» шеберханасы мүмкіндік жасап отыр. Сондай-ақ, республиканың әр түкпірінде орналасқан қолдау орталығы террористік аумақтан құтқарылған және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларға көмектесіп келеді.
Ольга РЫЛЬ, қоғамдық қор директоры
Ақысыз курстар бір айға ғана созылады деп ойлаймын. Бұл оқыту ерекшеліктеріне байланысты . Тырнақ әрлеу шеберлігін 10 күнде-ақ үйренуге болады. Ал шаштараз бен кондитерлікті оқыту айға созылады. Біз олардың біліктілігін арттыру үшін барымызша кәсіби мамандарды шақырып жатырмыз.
Орталық 15 адамға лайықталған. Ал шеберхананың ашылу құрметіне Израильдің Қазақстандағы елшілігі сапасы жоғары құрылғыларды сыйлаған.
Лиат ВЕКСЕЛЬМАН, Израильдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі
Шаштараз, кондитер, аспаз – қай кезде де сұранысқа ие мамандықтар. Жастардың жұмысқа орналасуы олардың ешкімге мұқтаж болмауына әсер етеді. Осы арқылы олар өз-өзін қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы орнын білетін болады.
Мұнда негізгі қызметтерден өзге анонимді түрде психолог пен нотариустің кеңесін де ала аласыз. Әзірге психологиялық байланысқа түсе алатын оқытушылар жинақталуда. Орталық келесі жылдың қаңтар айынан бастап алғашқы шаштараз бен кондитерлерді түлетпекші.