Қала бойынша 124 үміткер бақ сынаған партияішілік сайлаудың дауыс беру нәтижелері жарияланды. Праймериз басталғалы облыс орталығында 22 пікірсайыс ұйымдастырылып, өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Жастар жағы науқан барысында берілген ерекше мүмкіндікті одан әрі жалғастыратынын айтады.
Фархат ШАХМЕТОВ, үміткер
Қаламызда ДЦП мен аутизммен ауыратын балаларға, соларға тегін гидротерапия курсын ұйымдастырып, осы қалада сондай жұмыстар атқарып жатырқ. Жас кәсіпкерлерге кауеркинг орталығын ашуды көздеп отырмыз.Ол жерде оларға тегін бухалтерия жағынан сосын бана заң түрінде тегін кеңестер беріледі.
Ереже бойынша праймеризге партия құрамындағылардың ғана қатысуына және дауыс беруіне мүмкіндік берілген еді. Кандидаттар ашық алаңда қалай жұмыс істеу керектігін үйреткен шараның бергені мол екенін атап өтті.
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, үміткер
Ешқандай өкініш жоқ.Өз еркімізбен қатыстық. Мүмкін бір келіспейтін жағдайлар болған шығар , ол жалпы аудитория халық болғандықтан келісетіні де болады, келіспейтіні де болады. Сол үшін бұл өйткені сайыс. Ашық сайысқа түстік, ең бастысы ашық жұмыс істеуді үйретті деп есептеймін.
Республика бойынша атыраулық партия мүшелерінің 93%-ы сайлауға белсене қатысып, алғашқы орыннан көрінді. Партияішілік іріктеудің екінші кезеңінде аудандық және қалалық конференциялар өткізіліп, онда жергілікті мәслихат сайлауларына арналған партиялық тізімдер бекітіледі. Ал Мәжіліске апаратын қорытынды тізім партияның кезекті Съезінде белгілі болады.