Мұнайлы астана көшелерін жасыл желекке айналдыру жұмыстарына 4 млрд қаражат бөлінген. Әкімдіктің өңірдегі жетекші ірі компанияларымен бірігіп бастаған бұл жобасы алдағы 5 жыл бойы жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, әрқайсысы белгіленген аумақты баптауды мойнына алып, көшеттер басын көтерген кезде ғана оларды жергілікті билік бақылауына беретін боп келіскен.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА, қала әкімінің баспасөз хатшысы
Қазіргі кезде Атырау қаласындағы 38 көше және 15 саябақтар мен алаңдар да жалпы саны 54 мыңнан астам терек бар. Және биылғы жылы көгалдандыру бағдарламасы жөнінде күні бүгінге дейін төрт мыңға жуық тал отырғызды. Олардың бұрынғыдай отырғызылу санымен емес, қазір шығу сапасымен шыққан талдың санымен көгалдандыру жұмыстарының нәтижесі көрінеді.
Айтқандай-ақ, көгалдандыру жұмыстары қазірден басталып кеткен. Жақында қала күніне орай егілген 380 түп жеміс ағашы – алғашқы қозғалыстың бір көрінісі. Сондай-ақ, бұл үрдіске экологиялық ахуалы көңіл көншітпейтін қала тұрғындары да атсалысты. Райса Нұрғалиева – солардың ішінде.
Райса НҰРҒАЛИЕВА, қала тұрғыны
Демалуға , экологияға жақсы болсын деп терек,шырша,сосна ектік.Енді бұл жерді тазартыңдар деп бізге ешкім айтқан жоқ. Өзіміздің еркімізбен тұрған деріміз таза болсын, сүйкімді болсын деп сол бағытта жұмыстанып жатырмыз.
Басталғанына көп болмаған жұмыстардың қарқыны әзірге жаман емес. Дегенмен дүн-дүние жасыл желекке орана ма, жоқ па – уақыт көрсетеді.