Терроризмді насихаттағаны үшін атыраулық тұрғын 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қарулы жиһадты құп көретін 32 жасар азамат мамыр айында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін қолға түскен еді. Енді сот оны ҚР ҚК екі бабы бойынша кінәлі деп танып, абақтыға қамау туралы шешім шығарды.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:
Бірақ бұл оған тағылған жалғыз айып емес. Тергеу дерегіне сүйенсек, ер адам ДАИШ тобының содырларына қосылуды жоспарлап, бірнеше рет таныстарымен терроризмді насихаттаумен айналысқан.