Статистикаға сүйенсек, осыған дейін Жылыойда коронавирус дертін 1 078 адам жұқтырған. Дегенмен соңғы бір апта көлемінде аудандағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып, аурудың жаңа белгілері байқалмаған.
Ал 18 қыркүйек күні инфекциялық бөлімдегі соңғы екі науқас толық жазылып, үйіне жіберілді.
Нұрбек ҮКІБАЕВ, Жылыой аудандық емхананың бас дәрігері:
Күні бүгін эпидемиялогиялық жағдай тұрақталып, инфекциялық бөлімінен соңғы екі пациент үйіне шығарылды. Олар – Жылыой ауданының 1941 және 1953 жылғы екі азаматы. Енді ауру біржола жойылып кеткенше медецина қызмекткерлері қадағалауды одан әрі жалғастырады.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта аудандағы 40 орындық инфекциялық аурухана мен 60 орындық провизорлық орталықта қажетті қорғаныш киімдері мен дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар көрінеді. Әйтсе де, аурудан толық айықтық деп еркінсіп кетуге де болмайды. Атырау облысының Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің 11 қыркүйек күнгі №65 Қаулысындағы санитарлық талапатарды сақтай отырып, адам көп шоғырланатын орындарға бармағанымыз абзал,-дейді бас дәрігер.